Мұнайгаз саласына арналған кешенді шешімдер
  Басты бет
    Сайт картасы Рус   Eng Каз

Орындалған жобалар

Орындалған жобалар

Белгілерге қосу

Өлшеу құрылғылары

Оңтүстік Хыльчую кен орны (Ненец АО)

«Нарьянмарнефтегаз» ЖШҚ Оңтүстік Хыльчую кен орнын орнықтыру үшін «ОЗНА» компаниясы сегіз «ОЗНА-Массомер Е» өлшеу құрылғысын дайындады. Олрадың жетеуі «үлкен мұнайға» есептеліп, айрықша техникалық сипаттамаларымен ерекшеленді: сұйықтық бойынша жоғары дебиті - тәулігіне 3000 тоннаға дейін және күкіртсутегі құрамының жоғары болуы. Тоттануға төзімділігі жоғары болаттан дайындалған құрылғылардың жиынтығы үшін Италия, Голландия, Германия және АҚШ-тан БӨАжәнеА, сепаратор мен тығын арматурасын дайындаушылар тартылды. Құрылғы мәлімделген техникалық сипаттамаларды растады.

Ванкор кен орны (Красноярск өлкесі)

«ОЗНА» компаниясы – Шығыс Сібірдегі бірегей Ванкор кен орнын орнықтыруға арналған өлшеу құрылғыларының негізгі жеткізушісі. Осы кен орнына ұңғымалардың жоғары дебиті мен төмен температуралық мұнаймен үйлесімді маңызды газ факторы тән. Ванкор кен орнын алғашқы кезекте орнықтыру үшін ОЗНА компаниясы ұңғыма нүсткесіне қажетті жабдықтың бүкіл жиынтығынан құралатын 20 технологиялық блокты дайындап, жөнелтті.

Блоктардың құрамына газ бен сұйықтық дебиттерінің өте кең диапазонында өлшеу жүргізуге мүмкіндік беретін инновациялық сеператорлар базасында жобаланған жаңа буындағы «ОЗНА-Массомер» өлшеу құрылғылары кіреді. Сепараторды сепарация саласындағы соңғы жетістіктерді пайдалана отырып, «ОЗНА» компаниясы мамандары толық әзірледі.

Өлшеу құрылғылары заманауи өлшеу және автоматика құралдарымен жабдықталған. Құрылғы ерекшеліктерінің бірі пневматикалық жүйелердің көмегімен басқару болып табылады, мұның өзі құрылғының функционалдығы мен сенімділігін арттыра отырып, пайдалану барысында қажет болатын қосымша зерттеулердің тұтас кешенін өткізуге мүмкіндік береді.

«ОЗHA Vx» құрылғысы

Сепарациясыз технология негізіндегі «ОЗНА Vx» мультифазалық өлшеу құрылғысы «ОЗНА» және «Шлюмберже» компанияларының біріккен әзірлемесі болып табылады. Алғашқы тәжірибелік құрылғы 2009 жылы дайындалып, өнеркәсіптік сынақтан сәтті өтті.

2011 жылғықаңтарда «ОЗНА Vx» құрылғысы ұңғыма өнімдерін мультифазалық көлігі жүйесінде өлшемдер міндетін шешу үшін «ЛУКОЙЛ-Коми» ЖШҚ кен орнына қойылды. Сала мамандары «ОЗНА Vx» өлшеу құрылғыларының жаңа буынын белсенді пайдалануды бастай отырып, өлшенетін ортаның шығыны мен құрамының үздіксіз мониторингімен байланысты өлшемдердің шынайы жаңа мүмкіндіктерін алуда.


 

  © 2018 ОЗНА компаниясы
Пайдалану ережелері | Байланыс
Уфа – Architect сайтын жасау Уфа – Architect сайтын жасау