Мұнайгаз саласына арналған кешенді шешімдер
  Басты бет
    Сайт картасы Рус   Eng Каз

Орындалған жобалар

Орындалған жобалар

Белгілерге қосу

Сорғы станциялары

Колва кен орны (Ненец автономды округы)

«ОЗНА» компаниясы «Альянс» ҰК ААҚ тапсырысымен техникалық тапсырманы әзірлеу, жобалық құжаттаманы дайындау мен келісу, субмердігерлердің жұмыстарын үйлестіру, мұнай дайындау құрылғысы (МДҚ) жабдығын дайындау, жеткізу, іске қосу-баптау және Колва кен орнында (Ненец автономды округы)ТҮ АБЖ жасау бойынша ірі жобаны орындады.

МДҚ тауарлық мұнайды кәсіптік дайындауға арналған жабдықтың толық жиынтығынан құралады: мамандандырылған ішкі құрылымдары бар жеке қуаты арттырылған үшфазалы мұнайгазсепараторлары; Aker Solutions фирмасымен ынтымақтастықта дайындалған электрдегидраторлар; алдын ала газ іріктейтін құбыр құрылғысы; сепарациялық сыйымдылықтар; мұнай қыздыру блоктары; факелдік құрылғы; блоктық сорғы станциялары; мұнайды коммерциялық (жедел) есептеу жүйелері және т.б.

«ОЗНА» компаниясы бір жобада ондаған жеткізушілер мен субмердігерлерді интеграциялайтын кешенді жобаларды басқару тәжірибесін, мұнайкәсіптік жабдық, жолы қиын Қиыр Солтүстікке қысқа мерзімде күрделі кешенді жеткізілімдерді ұйымдастыру бойынша жаңа құзіреттерді меңгерді.

Нарьян-Мар мұнайшылары үшін шламдарды айдау шешімдері

«ОЗНА» компаниясы «Нарьянмарнефтегаз» ЖШҚ үшін шлам айдайтын сорғы станциясын жөнелтті7 Станция РВС-700 резервуарынан Оңтүстік Хыльчую кен орнының шламды ағыстарын сульфидқұрамды және мұнайқұрамды ағыстарды тазалау құрылғысына айдауға арналған.

Шламды айжау үшін тоттануға төзімді етіп дайындалған NOVA ROTORS MN 055-1 винттік сорғылары (Италия) пайдаланылды. Жиілікті реттеу мүмкнідігіне ие, қуаттылығы 4 кВт сорғы блогының электрқозғалтқыштары жарылыстан қорғау нұсқасында орындалған. Техникалық қызметтер мен қамтудың қиындығы жабдықты жинау үшін тапсырыс беруші көрсеткен ерекше жиынтық құраушыларды іріктеуден көрінеді. Өндіріс барысында дәнекерлеу жұмыстарына, фланецтік бу дайындауға жоғары талаптар қойылды, өйткені барлық технологиялық құбырөткізгіштер 15ХФА, 13ХФА сияқты тоттануға төзімді материалдардан дайындалған.

Шеф-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын (құрылыс-монтажсыз бөлігі) «ОЗНА» компаниясының мамандары атқарды.

Мұнай дайындау бойынша ОЗНА-ның техникалық шешімдері

«ОЗНА» компаниясы стратегиялық даму аясында мұнай дайындауға арналған жабдықты шығару жобасын табысты жүзеге асырып келеді.

ОЗНА компаниясы «ЛУКОЙЛ» тобына кіретін «РИТЭК» ААҚ «Волгограднефтегаз» ҚӨЖ тапсырысымен қабаттық суды лықсыту, дайындау мен айдау жүйесіне арналған автоматтандырылған жабдық жиынтығын дайындап, жөнелтті. Қабаттық суды алдын ала лықсыту құрылғысы Волгоград облысы мұнай кен орындарының ұңғыма нүктелерінен «Кілттер» жинау пунктіне (ЖП) келіп түсетін газсұйықтық қоспасын жинауға, қабаттық суды мұнай өнімдерінен, газдан және механикалық қоспалардан тазартуға және оны қабатқа қарай кері айдауға арналған. ОЗНА жабдығының жиынтығы кеңейткіш алаңшасынан, араластырғыштан, алдын ала газ іріктеу құрылғысынан (АГІҚ), фазалардың құбырлық соңғы бөлгіштерінен (ФҚСБ), құбырлық орап бекіткіш жиынтықтары бар буферлік сыйымдылықтан, тығын арматурасынан, баспалдақтардан, қызмет көрсету алаңынан, БӨАжәнеА құралдарынан, екі МАС 65/35-500 сорғысы бар қабаттық судың сорғы станцияларын жарықтандырудан, ВНГ-ц-Е 25-175-А батыратын сорғы агрегаты бар дренажды сыйымдылықтан, автоматтандыру жүйесінің техникалық құралдар кешенінен тұрады.

Құрылғының жылына барынша сұйықтық өндіру өнімділігі (2011 ж.): сұйықтық бойынша 1870,3 м3/тәулік, мұнай бойынша - 904,4 м3/тәулік, газ ресурсы - 22,9 млн. нм3/жыл.

Жабдықтың жобалық қызмет атқару мерзімі - кемінде 15 жыл.

«Томскгазпром» ААҚ сорғы станциясы

Акционерлік компания «Томскгазпром» ААҚ-ның Қазан мұнайгазконденсат кен орны үшін сорғы станциясын жеткізу тендерінде жеңіске жетті. Сорғы станциясының құрамына 1300 - 2000 параметрлері Q 1300 куб.м/сағат және тегеуріні 1770 метрге дейінгі ГНУ 1300 - 2000 көлденең орталықтан тебетін сорғылары мен аппаратуралық екі блогы бар төрт сорғы блогы кіреді. Барлық модулдер шатырмен біріктірілген, құрылыстың жалпы ауданы 219 шаршы.м. құрайды.

ОЗНА өндірген жаңа сорғы станциясы Томск облысының Парабель ауданында орын теуіп, томск мұнайшыларының жаңа кен орны инфрақұрылымының қажетті бөлігіне айналды.

Мұнайшылар үшін ұсақ фракцияларды аулау құрылғысы

ОЗНА акционерлік компаниясы мен «Баштекс» ресей-американ біріккен кәсіпорны он жыл ішінде Башқұртстанның ХМАО және Орынбор облысының мұнай парктеріне табиғатты қорғау мақсатындағы жабдықты өндіру мен жеткізу саласында біріккен алты жобаны орындады.

Көмірсутегілердің жеңіл фракцияларын аулау құрылғысы мұнай және мұнай өнімдерін дайындау, сақтау және қайта өңдеумен байланысты технологиялық операцияларды өткізу кезінде резервуарлар мен сыйымдылықтардің газ кеңістігіне бөлінген көмірсутегілердің буын іріктеу, компримирлеуге арналған. Жабдық модулдерде орналасқан және қызмет көрсететін құрамның қатысуынсыз автоматты режімде жұмыс істейді.

2010 жылы көмірсутегінің жеңіл фракцияларын аулайтын (ЖФАҚ) үш құрылғы «Башнефть», «РуссНефть» және ТНК-BP мұнай компаниялары үшін дайындалды. ЖФАҚ маңызды экологиялық миссияны орындайды. Резервуарлық парктің өнімділігіне, мұнай көлемі мен сапасына қарай ЖФА құрылғылары мұнай сапасын сақтай отырып, тәулігіне 3 мың м/куб газға дейін айдай алады. Құрылғыны пайдалану кезінде газды ортаның тоттану әсері маңызды дәрежеде азаяды, мұның өзі резервуарлардың пайдалану мерзімін ұлғайтып, оларды жөндеуге жұмсалатын қаражатты азайтуға мүмкіндік береді. ОЗНА компаниясы сауда маркасының ЖФАҚ-ты пайдалануға қатысты тағы бір маңызды жайт – мұнай парктерінде экологиялық жағдайды жақсарту, мұның өзі қызметкерлер құрамының денсаулығын сақтауға, ауа ортасының жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.


 

  © 2018 ОЗНА компаниясы
Пайдалану ережелері | Байланыс
Уфа – Architect сайтын жасау Уфа – Architect сайтын жасау