Мұнайгаз саласына арналған кешенді шешімдер
  Басты бет
    Сайт картасы Рус   Eng Каз

Орындалған жобалар

Орындалған жобалар

Белгілерге қосу

Мұнайды есептеу тораптары

Каспий құбырөткізгіш консорциумы

«ОЗНА» компаниясы Ресей, Қазақстан, әлемнің жетекші мұнай өндіретін компанияларының (Chevron, Shell, ExxonMobil, Eni, British Gas, Роснефть, ЛУКОЙЛ) қатысуымен: техникалық тапсырманы әзірлеу, жобалық құжаттаманы дайындау, ақпаратты көрсету жүйесін (АКЖ) әзірлеу, мұнай көлемі мен сапа көрсеткіштерінің өлшемі жүйесі жабдығын дайындау мен жеткізу (МСӨЖ) бойынша жұмыстар кешенін атқарады.

Қазіргі сәтте «ОЗНА» компаниясы МСӨЖ технологиялық жабдығын жөнелтуді орындады. КҚК мамандары КТК-К («Теңіз» МАС, «Атырау» МАС), КТК-Р үшін екі СИКН («Астраханская» МАС, «Комсомольская» МАС) және «Кропоткин» МАС МСӨЖ үшін өлшеу желісі жабдығын қабылдады.

«ОЗНА» мамандары жеткізілген жабдық үшін СОИ әзірлеу жұмысын жалғастырып келеді.

Усть-Луга мұнай базасына арналған жабдық («АК «Транснефть» ААҚ)

ОЗНА компаниясы «Усть-Луга» Балтық құбырөткізгіш жүйесінің (БҚЖ-ІІ) мұнайбазасы үшін мұнай сапасы көрсеткіштерін өлшеу блоктары (СӨБ) бар мұнай көлемінің және сапа көрсеткіштері өлшемдерінің төрт ірі жүйесін (МСӨЖ) дайындау бойынша ірі жобаны орындады. Өнімді жеткізу құрамына сонымен қатар өлшем сызықтарының блоктары (ӨСБ), автоматика және бағдарламалық жасқатма құралдары (автоматика шкафтары, бақылауыштар, операторлардың автоматтандырылған жұмыс орындары), блокаралық жабдық (диаметрі үлкен электрлік жетекті DN1000-DN1200 тығын арматурасы, ТЕҚ, кәбіл өнімі, КИП), қысымды реттеу тораптары және сервистік жабдықтың толық жиынтығы кіреді.

Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын тексеру мен бақылау үшін, барлық МСӨЖ үшін бірыңғай бақылау өлшеу желісі мен АҚШ-та дайындалған стационарлық құбырпоршендік құрылғы қарастырылған.

ОЗНА мамандары жеткізілетін өлшем жүйелеріне шеф-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізіп, соңынан СИКН-ді өнеркәсіптік пайдалануға енгізді.


 

  © 2018 ОЗНА компаниясы
Пайдалану ережелері | Байланыс
Уфа – Architect сайтын жасау Уфа – Architect сайтын жасау