Мұнайгаз саласына арналған кешенді шешімдер
  Басты бет
    Сайт картасы Рус   Eng Каз

Орындалған жобалар

Орындалған жобалар

Белгілерге қосу

Компанияның тарихы

«ОЗНА» компаниясы — ресейдің заманауи көпсалалы компаниясы, еліміздің отын-энергетикалық кешенінің маңызды буыны. Компанияның өнімдері — 3 000-ға жуық адамның біріккен еңбегі — Ресейдің мұнайгаз өндіретін барлық аймақтарында, алыс және жақын шетелдерінде жүзеге асырылады.

ОЗНАның тарихы 1950 жылдардың басында, халық шаруашылығын соғыстан кейін қалпына келтіру және КСРО мұнай өнеркәсібінің қарқындыдаму кезеңінде бастау алды. 1953 жылдың наурызында Октябрьский қаласында (Башқұртстан) Компанияның негізін қалаған механикалық-жөндеу заводы салынды. Оның өнімдері республиканың қара алтын өндіру ісі қарқынды жүріп жатқан мұнайкәсіптік саласында зәрулік танытты.

1958 жылдың қаңтарында Октябрьский қаласында автоматтандыру және диспетчерлендіру аспаптары мен құралдарын өндіретін «Нефтеавтоматика» заводы салынды. Осы екі кәсіпорын өз саласында көшбасшылар орнын мықтап иеленді.

1950—1960 жылдары ОЗНА жабдығы көбіне елімізде мұнай өндірудің ең маңызды өсіміне қол жеткізіп, бұл үшін республика «екінші Баку» құрметті атағына ие болған Башқұртстан мұнайшыларына беріліп отырды,.

1960 жылдардың ортасында Батыс Сібір кен орындарын игеру басталды, жаңа мұнай кәсіптері ішінара ОЗНА жабдығымен жабдықтала бастады. Мұнай және газ өнеркәсібін автоматтандыру ҒЗИ Октябрьский филиалында (Башқұртстан) әзірленген «Спутник» АТӨҚ, атап айтқанда, ОЗНА мамандары тарапынан жасап шығарылды.

1970 жылдардан бастап Компания блоктық бұталы және мұнай айдатын соғы станцияларын, реагенттерді дозалау, өлшеу құрылғылары мен басқа да мұнайкәсіптік жабдықты сериялық өндіруді бастады. ОЗНА өнімдеріне отандық мұнайшылардан басқа, Экономикалық өзаракөмек кеңесі (ЭӨЕ) елдерінің кәсіпорындары да тапсырыс берді: Болгария, Румыния, Югославия.

1980 жылы екі завод «Башнефтемашремонт» өндірістік бірлестігінің құрамына кірді, соңынан 1983 жылы КСРО Мұнай өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Октябрьский автоматтандырылған жабдық пен аспаптар заводы (ОАЖ және АЗ) бірыңғай кәсіпорны құрылды.

1990 жылдардағы өзгерістер қызметті ұйымдастырудың жаңа әдістерін қажет етті: 1990 жылы — «ОАЖ және АЗ» жалгерлік кәсіпорны (ЖК) құрылды; 1991 жылы — өндірісті басқарудың блоктық жүйесі ендірілді; 1992 жылы — акционерлендіру арқылы жекешелендіру туралы шешім қабылданды; 1993 жылы — «ОАЖ және АЗ» ЖК базасында «ОЗНА» Ашық типті акционерлік қоғам құрылды. 1996 жылғы 12 шілдеде «ОЗНА Акционерлік компаниясы» ААҚ құрылды.

Нарықтық өзгерістердің алғашқы жылдарында «ОЗНА» ЖК қызметтің жаңа түрлерін белсенді іздестіре бастады. «ОЗНА» ЖК шығаратын жабдықты іске қосу-баптау және жөндеу бойынша 1994 жылғы 25 маусымда бекітілген «ОЗНА сервис» еншілес кәсіпорнын құру Компания менеджментінің сәтті шешімдерінің бірі болды.

2003 жылғы 19 қыркүйекте «ОЗНА» ЖК мұнай және мұнай өнімдерінің жедел және коммерциялық есептеу міндеттерін шешуге арналған «НПП ОЗНА-Инжиниринг» ЖШҚ еншілес кәсіпорнын құрды, ол соңынан «ОЗНА» Компаниялар тобының құрамында дербес дивизионға айналды.

2004 жылы Компания басшылығы өз қызмет ауқымын кеңейту туралы шешім қабылдады. Компанияның өз құзіретін маңызды түрде кеңейтуді көздейтін даму стратегиясы әзірленді. Негізгі мақсат анықталды: «нөлдік циклдан», яғни жобалаудан бастап мұнай өндіру мен магистральды құбырөткізгішке жеткізуге дейін кен орындарын орнықтыру бойынша кешенді қызметер ұсыну.

Жаңа стратегияны жүзеге асыру үшін, Компанияның құрамында сервистік, ғылыми-техникалық және жобалаушы қызмет бағыттары құрылды. Қазіргі таңда «ОЗНА» Компаниялар тобының кәсіпорындары Ресей, Еуропа мен Азияның 30-дан астам қалаларында жұмыс істейді. Еліміздің «Газпром нефть», «Лукойл», «Роснефть», «Сургутнефтегаз», ТНК-ВР, «Башнефть» және «Татнефть» ірі мұнай компаниялары ОЗНАның әріптестері болып табылады.

Компания қызметкерлері ОЗНА бұдан әрі де өзіне алған келісімшарт міндеттемелерін әрқашан орындайтын сенімді әріптес болып қалуға бар күшін салады. Компания таңдаған даму тұжырымдамасы ұжымның өз алдына қойылған барлық міндеттерін абыроймен атқаруға мүмкіндік береді. Жоғары жетістіктердің кепілі — бұл өз ісіне шын берілген жұмыскерлердің тәжірибесі, кәсіпқойлығы, тәртіптілігі мен еңбекқорлығы.


 

  © 2019 ОЗНА компаниясы
Пайдалану ережелері | Байланыс
Уфа – Architect сайтын жасау Уфа – Architect сайтын жасау