Мұнайгаз саласына арналған кешенді шешімдер
  Басты бет
    Сайт картасы Рус   Eng Каз

Орындалған жобалар

Орындалған жобалар

Белгілерге қосу

«ОЗНА» компаниясы

ОЗНА – ресейдің көпсалалы ірі компаниясы. Негізгі қызмет бағыттары: мұнайгаз өнеркәсібі нысандарын жобалау, мұнайгазкәсіптік жабдығын дайындау, кепілді және сервистік қызмет көрсету, инженерлік-құрылыстық ізденістер, мұнай, газ, суды есептеу және мұнайгаз нысандарын автоматтандыру саласындағы инжиниринг.

«ОЗНА» компаниясының кәсіпорындары Ресейдің төрт федеральдық округы аумағында орналасқан. Сервистік қызмет көрсету географиясын кеңейте отырып, ОЗНА компаниясықазіргі таңда Батыс және Шығыс Сібірді, сондай-ақ Урал мен Волга бойының ірі өнеркәсіптік орталықтарын қоса алғанда, елдің барлық мұнайгаз аймақтарында қызмет көрсету мүмкіндіктеріне ие.

Мұнайгаз компанияларының сенімді серіктесі

«ОЗНА» фирмалық логотипімен шығарылатын өнімдері Ресейдің ірі мұнайгазды аймақтарында пайдаланылады: Ханты-Мансийск және Ямал-Ненец автономды округтары, Иркутск, Томск, Омск, Оренбург, Перм және Самара облыстарында, Башқұртстан, Татарстан, Коми, Удмуртия республикаларында, сондай-ақ шетелде.

Қоршаған орта

Табиғи ортаны сақтау, жеткізілетін өнімдердің техникалық параметрлерінің экологиялық стандарттарға сәйкестігі, жаңа ныснадарды жобалау кезіндегі өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік – «ОЗНА» компаниясының табиғатты қорғау қызметі саласындағы басымдықтары.

Әлеуметтік жауапкершілік

ОЗНА – өзіне алған барлық міндеттерді орындайтын әлеуметтік жауапты компания. Өзінің қайырымдылық қызметінде ОЗНА Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлеріне, мүгедектеріне, мектепке дейінгі балалар және білім мекемелеріне, денсаулықсақтау үйымдарына, спорт клубтарына, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға қолдау көрсетуге бағытталған.


 

  © 2018 ОЗНА компаниясы
Пайдалану ережелері | Байланыс
Уфа – Architect сайтын жасау Уфа – Architect сайтын жасау