Мұнайгаз саласына арналған кешенді шешімдер
  Басты бет
    Сайт картасы Рус   Eng Каз

Орындалған жобалар

Орындалған жобалар

Белгілерге қосу

Автоматтандыру

Автоматтандыру

«ОЗНА-Инжиниринг» ғылыми-өндірістік кәсіпорны технологиялық үдерістерді автоматты басқару жүйесін, мұнай және мұнай өнімдерін есептеу тораптарын жүзеге асыруда көп жылдық тәжірибеге ие бола отырып, алуан түрлі автоматика жүйелерін әзірлеу мен өнеркәсіптік пайдалануға беру іс-шаралар кешені - «OZNA-Global» кешенін ұсынады.

«OZNA-Global» өндірістік кәсіпорындардың мұнай өндіру жүйелері, есепке алу, телемеханика және энергетикалық ресурстарын бақылау үшін аяқталған шешім болып табылады, бағдарламалық-техникалық құралдар кешенін танытып, құрылымы келесі бағыттардан құралады:

  1. OZNA-Flow – СИКНС, СИКГ, УУВ, УУГ үшін ақпаратты өңдеу жүйесі;
  2. OZNA-Geo – шалғай нысандардың телемеханика жүйесі;
  3. OZNA-Energy – кәсіпорындардың энергиялық ресурстарын есепке алу жүйесі.

Атоматтандыру жүйелерін әзірлеу кезінде өнеркәсіптік пайдалануға берген соң, кешенді дамыту мен жаңарту мүмкіндігі негізгі критерий болып табылады. Пайдаланылатын нысанның барлық өзгерістері көп еңбек шығындамай-ақ, жеткілікті қысқа мерзімде жүргізіледі.

«ОЗНА-Инжиниринг» ҒӨК жеткізетін автоматтандыру шешімдері тапсырыс берушінің икемділігі, ауқымдылығы, қауіпсіздігі, сенімділігі бойынша барлық талаптарын қанағаттандырады және мұнайгаз саласына автоматтандыруды недіру бойынша шектеулерге ие емес. Бұл есептеу торабын автоматтандыруға да, сонымен қатар блоктық жабдықтың ТҮ АБЖ-ге де (БНСС, АТӨҚ, РМБ) және алаң нысандарына да қатысты. ОЗНА автоматтандыру жүйелері «АК «Транснефть» ААҚ, «Роснефть» ҰК ААҚ, «Сургутнефтегаз» ААҚ, «Печоранефть» ААҚ сияқты ірі мұнай компанияларына да недіріліп келеді.

ТҮ АБЖ-ны ендірудің негізгі кезеңдері

  1. Жобалық және метрологиялық құжаттаманы әзірлеу:
    • автоматтандыру нысанын жобалау алдында тексеру;
    • техникалық тапсырма жасау мен келісу;
    • автоматтандыру жобасынәзірлеу мен келісу;
    • мұнай, газ және мұнай өнімдерін есептеу тораптарын жүзеге асыру кезінде қажет болатын құжаттарды әзірлеу және тиісті қызметтермен келісу (ӨОӘ, есептер және т.б.).
  2. Жабдықпен толықтыру:
    • жеке өндірген жабдықты дайындау;
    • Сатып алынатын бұйымдар мен материалдарды жиынтықтау;
    • жабдықты автоматтандыру нысанына жеткізу.
  3. Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу:
    • бақылауыш жабдықтың бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу;
    • диспетчерлер мен серверлердің АРМа бағдарламалық жасақтамасын әзірлеу (қажет болғна жағдайда);
    • деректер таратудың бірегей протоколына ие жабдықтан деректер жинау драйверін әзірлеу;
    • деректерді басқа жүйелерге таратататын шағын бағдарлама әзірлеу;
    • бағдарламалық өнімдердің жаңартылуын әзірлеу;
    • тапсырыс берушінің мамандарын оқыту.
  4. ТҮ АБЖ монтаждау жұмыстарынорындау:
    • Бақылау-өлшеу аспаптарын монтаждау;
    • Орындау тетіктерін монтаждау;
    • түрлі технологиялық жабдықты монтаждау;
    • эстакадалар құрылысы;
    • кәбіл төсеу мен жалғау;
    • монометрлік бағаналар мен автоматика шкафтарды монтаждау;
    • ВОЛС жабдығын монтаждау;
    • Тапсырыс беруші басқа монтаждау ұйымдарынтаңдаған жағдайда (шеф-монтаждау), монтаждауды қадағалау.
  5. ТҮ АБЖ іске қосу-баптау жұмыстарын орындау (ІБЖ):
    • бақылау-өлшеу аспаптары;
    • орындаушы тетіктер;
    • түрлі технологиялық жабық;
    • бақылауыш жабдық;
    • деректер тарату жабдығы;
    • үстіңгі және астыңғы деңгейдің бағдарламалық жасақтамасы.
  6. Тәжірибелік пайдалануды қадағалау.
  7. Кепілді және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсету.

  • Мұнай өндірудің ТҮ АБЖ
  • Химреагентті мөлшерлеу блогын басқару станциясы
  • Автоматты топтық өлшеу құрылғысын басқару станциясы
  • Блоу-нүктелік сорғы станциясын басқару станциясы
  • Мұнай, мұнай өнімдері және газды есептеу торабының ақпаратын өңдейтін «OZNA-Flow» жүйесі
  • Өрт сөндіру және сигналды басқару станциясы
  • Мұнайды тапсыру-қабылдау пунктін басқару жүйесі
  • Алаң нысандарын басқару жүйесі
  • OZNA-Geo
  • Мұнайхимияның ТҮ АБЖ
  • Энергетиканың ТҮ АБЖ
  • OZNA-Energy

 

 

  © 2018 ОЗНА компаниясы
Пайдалану ережелері | Байланыс
Уфа – Architect сайтын жасау Уфа – Architect сайтын жасау