Мұнайгаз саласына арналған кешенді шешімдер
  Басты бет
    Сайт картасы Рус   Eng Каз

Орындалған жобалар

Орындалған жобалар

Белгілерге қосу

Сериялық жабдық

«ОЗНА» компаниясының сериялық жабдық тізбесіне «ОЗНА-Пласт» тегеурінді тарақтары мен «ОЗНА-Дозатор» реагенттерді мөлшерлеу блоктары кіреді.

ОЗНА компаниясы сериялық жабдықтың алғашқы үлгілерін 1970 жылдары шығара бастады, мұның өзі БДУ-3 блоктық дозалау құрылғылары, ДГ-1600 және ДГ-250 деэмульгаторлары еді.

Тегеурінді тарақ блогы қабаттық қысымды ұстап тұру жүйесінің қыздырғыш ұңғымаларына айдалатын технологиялық судың шығыны мен қысымын таратуға, өлшеуге арналған.

РМБ мұнай тасымалдау және дайындаудың кәсіптік жүйесі құбырөткізгішіне сұйық деэмульгаторлар мен тежегіштерді мөлшерлеп ендіруді жүзеге асырады, мұның өзі жабдық металы мен құбырды қорғау әдістерінің бірі болып табылады. Соңғы 15 жылда «ОЗНА-Дозатор» РМБ өндірудің маңызды тәжірибесі жинақталды; біз тапсырыс берушілерге осы жабдық түрінің 200-ден аса модификациясын, оның ішінде мобильді нұсқаларын ұсынамыз.

Компанияда сериялық өнімдердің жаңа үлгілері тұрақты әзірленеді. Қалмақстан мен Удмуртия республикаларының кен орындары үшін қойылған жарылыстан қорғайтын және жалпы өнеркәсіптік бұрғылық РМБ реагенттерін дозалау блогының пилоттық құрылғылары осыған өте жаңа мысал бола алады.

  • «БДР-М» химиялық реагенттерді дайындау мен мөлшерлеу блогы
  • «ОЗНА-Дозатор» реагенттерді мөлшерлеу блогы
  • «ОЗНА-Пласт» тегеурінді тарақ блогы

 

 

  © 2018 ОЗНА компаниясы
Пайдалану ережелері | Байланыс
Уфа – Architect сайтын жасау Уфа – Architect сайтын жасау