Мұнайгаз саласына арналған кешенді шешімдер
  Басты бет
    Сайт картасы Рус   Eng Каз

Орындалған жобалар

Орындалған жобалар

Белгілерге қосу

Сорғы және компрессорлық жабдық

Pumping and Compression Equipment

«ОЗНА» компаниясы түрлі мақсаттағы сорғы және компрессорлық жабдықтың кең ауқымын шығарады. Компания табысының 40 пайыздан астамы осы жабдықтың үлесіне тура келеді.

Сорғы жабдығының құрылымында блктық нүктелік сорғы станциясын шығару маңызды орын алады. БНСС кен орнының әзірленетен өнімді шегінде қысымды ұстап тұру үшін, ұңғымаға суды айдауға арналған. ОЗНА мамандары алғашқы БНСС-ты 1970 жылы дайындады. Мұнайшылар сол кезде жаңа болып табылатын қабаттық қысымды жасанды ұстап тұратын технологияны белсенді қолдана бастады, бұл жағдайда мұнай өндіру көлемі маңызды дәреже ұлғая түсті. ОЗНА жабдығы сынақтан табысты өтті, соңынан көптеген жылдар бойы бұрынғы КСРО-ның мұнай кен орындарына БНСС-ты жеткізетін басты өнім берушілердің бірі болып келді. Қазіргі таңда ОЗНА компаниясы елімізде БНСС өндіру бойынша көш бастаушылардың бірі болып келеді.

2010-2011 жылдары «ОЗНА» компаниясының конструкторлары Орынбор облысында мұнайгазконденсатты кен орнын әзірлеу үшін алғаш рет мультифазалық сорғы станцияларын (МФСС) жобалады. МФСС мұнай ұңғымаларынан мұнайгаз жинайтын коллекторға келіп түсетін қабаттық суланған газбен қаныққан мұнай қысымын мұнай дайындау құрылғысының (МДҚ) кіріс орнында технологиялық қысымды қамтамасыз ететін мәнге дейін көтеруге арналған. Мультифазалық сорғысы бар МДҚ газды алдын ала сепарацияламай, газсұйықтық қоспасын айдауға мүмкіндік береді, осған орай қымбат операторлық және газ айдайтын станциялар салудың қажеттілігі жоқ.

Мұнайды және құрамы мен қасиеттері бойынша ұқсас сұйықтықтарды айдауға арналған ОЗНА компаниясы өндірген сорғы айдау станциялары (САС) мұнай кен орындарында өзін жақсы жағынан таныта білді. Компанияның көп жылдық тәжірибесі мен өндірістік әлеуеті сорғы жабдығының бірізді қатарын шығаруға, сонымен қатар кез келген қиындықтағы жеке жобаларды табысты орындауға мүмкіндік береді.

Компрессорлық жабдық қысым арқылы ауа мен газды қысымдау мен беруге арналған, ал компрессорлық станциялар табиғи газды тасымалдауға, ілеспе мұнай газын (ІМГ) жинау мен айдауға, мұнай газдарын компримирлеуге (қысымдауға) және мұнайгазконденсатты кен орындарын әзірлеу кезінде қабатқа газды айдауға арналған. ОЗНА компаниясының компрессорлық жабдығы кен орындарында, мұнай мен газ дайындау құрылғыларында ІМГ-ны жою жобаларын жүзеге асыру кезінде қолданылады.

Қазіргі таңда ОЗНА компаниясының сорғы және компрессорлық жабдығы Ресей, Беларусь, Қазақстан және алыс шетелдің басқа да елдерінің көпшілік мұнайгаз кен орындарында табыстыпайдаланылып келеді. Красноярск өлкесінде Ванкор кен орнын орнықтыруда Ванкор-Пурпе мұнай құбырының ба және соңғы сорғы станциялары, алаңдық БНСС, модулдер құрамындағы бірқатар жабдықтарды «ОЗНА» компаниясы дайындады.

Қазақстан мұнайшыларымен БНСС дайындау мен жеткізу бойынша ірі жоба жүзеге асырылды: Қожасай кен орнын орнықтыру үшін қуаттылығы тәулігіне төрт мың текше метрден асатын, максималды тегеуріні екі мың метрден жоғары өнімділікке ие бірегей станция дайындалды.

2010 жылы ОЗНА мұнай компанияларына алуан түрлі сорғы жабдықтарын дайындап жеткізді. Башқұртстан мұнай кен орындарының үш нысанын қайта құру үшін «РуссНефть» ҰК кәсіпорындарының Батыс Сібір тобына, ТНК-ВР Орынбор өндіруші активіне «Башнефть» АМК БНСС-ы жөнелтілді.

«ТНК-Уват» компаниясының Уват тобының кен орнынигеруі үшін МАС мен көбікгенераторлық станцияны, «Тюменнефтегаз» ААҚ «Демьянская» ЖӨДС мұнайды есептеудің соңғы торабын кеңейтуге раналған сорғы станциясы, «Нарьянмарнефтегаз» ЖШҚ үшін шлам айдайтын сорғы станциясы, «Аки-Отыр» компаниясы үшін мұнайды сырттай қайта айдайтын сорғы станциясы дайындылып, орнықтырылды. Көмірсулардың жеңіл фракцияларын аулайтын үш құрылғы «Башнефть», «РуссНефть» және ТНК-ВР мұнай компаниялары үшін дайындалған.

Ірі мұнай компаниялары («Башнефть», «Газпром нефть», «ЛУКОЙЛ», «Роснефть», ТНК-ВР, «Татнефть») мен шағын мұнай компаниялары («Дулисьма», «Шешмаойл») біздің тапсырыс берушілеріміз болып табылады.

ОЗНА компаниясы бағасы мен конструкциясы бойынша түрлі нұсқада сорғы мен компрессорлық жабдықтар ұсынады. Инновациялық өнімдер арасында – көлденеі сорғы құрылғылары бар БНСС, компрессорлық және мультифазалық сорғы станциялары.

«Зульцер Пампс Лтд» (Sulzer Pumps) компаниясы ОЗНА-ның стратегиялық әріптесі болып табылады, ол мұнайгаз саласы үшін сорғы әзірлеу мен дайындау бойынша бір ғасырдан астам тәжірибеге ие.

  • Блок-нүктелік сорғы станциясы
  • Сорғылық айдау станциясы
  • Мультифазалық сорғы станциясы
  • Компрессорлық станция
  • Өртке қарсы сорғы станциясы
  • Көбікпен өрт сөндіру станциясы

 

 

  © 2018 ОЗНА компаниясы
Пайдалану ережелері | Байланыс
Уфа – Architect сайтын жасау Уфа – Architect сайтын жасау