Мұнайгаз саласына арналған кешенді шешімдер
  Басты бет
    Сайт картасы Рус   Eng Каз

Орындалған жобалар

Орындалған жобалар

Белгілерге қосу

Өндіріс

Manufacturing

«ОЗНА» компаниясы – ресейдің танымал мұнайкәсіптік жабдығын өндіруші.

«ОЗНА» брендімен Ресей ОЭК нарығына жеткізілетін ұңғымалар дебитін өлшеуге арналған жабдық үлесі 5 пайыздан асады.

Компания қабаттық қысымдыұстап тұру жүесіне, ұңғыма дебитін өлшеу құрылғысына, мұнай көлемі мен параметрлерін есептеу жүйесіне, мұнай өнімдеріне, су мен газға арналған жабдық өндіруде көш бастаушылардың бірі болып келеді.

Мұнай мен суды айдауға арналған сорғы станциялары, реагенттердің реакцияға түсу блоктары, тегеурінді тарақ блоктары, АТӨҚ-ке және бұрғылау жабдығына арналған қосалқы бөлшектер, қазандық және басқа да жабдық тұрақты сұранысқа ие.

Мұнай компанияларына ұсынылатын жаңа өнімдер арасында мұнай дайындау құрылғылары, компрессорлық және мультифазалық сорғы станциялары, жылжымалы кәсіптік зерттеу зертханасы, қабаттық суды лықсыту, дайындау мен айдау жүйелері бар.

Соңғы 4 жылда «ОЗНА» компаниясының өндіріс көлемі үш есеге ұлғайды. Оңтүстік Хыльчую, Самотлор, Ванкор, Верхнечонск кен орындары үшін, «АК «Транснефть» ААҚ магистральды мұнай тасымалы жүйесі үшін жабдық жеткізу бойынша ірі тапсырыстар орындалды.

Мұнайгаз жабдығы мен оларға арналған қосалқы бөлшектердің бүкіл өнімдік желісі «ОЗНА» компаниясының кәсіпорындарында – «Акционерная компания ОЗНА» ААҚ-да, «ОЗНА-Измерительные системы» ЖШҚ-да және «ОЗНА – Инжиниринг» ЖШҚ-да дайындалады.

2009 жылы шілде айында «ОЗНА» акционерлік компаниясы қайта сертификаттаудан өтіп, сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарттарға ай екенін растады. 2009 жылы қыркүйекте «ОЗНА» акционерлік компаниясы қайта сертификаттаудан өтіп, сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін растады. Қыркүйекте DIN EN ISO 9001:2008 жаңа версиясына сәйкестік сертификаты алынды. 2010 жылдан бастап «ОЗНА» АК ААҚ-мен қатар «ОЗНА-Измерительные системы» ЖШҚ-да да аудит жүргізілуде.

Жыл сайын қайта сертификаттау аудиті кәсіпорында сапа менеджменті жүйесі тұрақты жетілдіріліп отырады, барлық үдерістер нәтижелі, тұтынушы қоятын барлық талаптарды қанағаттандыратын өнім сапасының болжалды және тұрақты жоғары деңгейі қамтамасыз етіледі деп растайды.

 

 

  © 2018 ОЗНА компаниясы
Пайдалану ережелері | Байланыс
Уфа – Architect сайтын жасау Уфа – Architect сайтын жасау