Мұнайгаз саласына арналған кешенді шешімдер
  Басты бет
    Сайт картасы Рус   Eng Каз

Орындалған жобалар

Орындалған жобалар

Белгілерге қосу

Инжиниринг

Инжиниринг

«НПП ОЗНА-Инжиниринг» ЖШҚ – мұнай, мұнай өнімдері, су мен газ есебі, мұнайгаз өнімдерін автоматтандыру саласында инжиниринг қызметін көрсететін серпінді дамып келе жатқан компания.

Компанияның өзіндік жұмыс ерекшелігі тапсырыс берушінің талаптарын ескере отырып, жеке қасиеттерге ие кен орындары үшін бірегей технологиялар әзірлеу болып табылады.

«НПП ОЗНА-Инжиниринг» ЖШҚ келесі бағыттарда жобаларды жүзеге асырады:

  • жобалау-ізденіс жұмыстары;
  • конструкторлық құжаттама әзірлеу;
  • рұқсат беру құжаттамасын рәсімдеу;
  • өлшеуді орындау әдістемесін әзірлеу;
  • жабдықты әзірлеу мен жеткізу;
  • шеф-монтаждау;
  • құрылыс-монтаж жұмыстары;
  • іске қосу-баптау жұмыстары;

Компания тапсырыс берушілердің алдында тұрған құжаттама әзірлеуден жүйені пайдалануға беруге дейінгі міндеттерді шешу бойынша барлық жұмыс кешендерін орындайды.

«НПП ОЗНА-Инжиниринг» ЖШҚ мұнай, су мен газ саласында Ресейдің көш бастап келе жатқан кәсіпорындарының бірі. Компания осы бағытта 100-ден аса жобаны жүзеге асырды, мұның өзі есеп жүйесі өндірісінде сол тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.

Компанияның технологиялық шешімдерінің ерекшеліктері:

  • есеп тораптары блоктык орындалымда жеткізіліп, технологиялық үдерістерді заманауи автоматты басқару жүйелерімен (ТҮ АБС) жабдықталады;
  • блоктық жабдық жалпы және элемент түрінде қазіргі нысандардың инфрақұрылымына оңай сіңіседі, жаңа құрылыста, сондай-ақ мұнай есептеу нысандарын қайта құру және жаңарту кезінде қолданылуы мүмкін;
  • ақпараты өңдеу жүйелері (АӨЖ), әдетте, OMNI, FloBoss және т.б. бақылауыштар базасында жиналады. Оператордың автоматтандырылған жұмыс орнын әзірлеу үшін, өнеркәсіптік дербес компьютер және Wonderware компаниясының FactorySuite A2 SCADA InTuoch 9.0 ru бағдарламалық пакеті, сондай-ақ Ресей Федерациясының стандарттау және метрология жөніндегі Мемлекеттік комитетінің шығынөлшеуіш салалық институты тарапынан аттестатталған мұнайды есептеуге арналған мамандандырылған бағдарламалық жасақтама қолданылады;
  • Барлық жеткізілетін жабдық, есеп торабына кіретін барлық өлшеу құралдары қолданыстағы Ресей Мемстандарты типіндегі сәйкестік және бекіту сертификаттарына және Ресейтехқадағалау сертификаттарына, тексеру әдістемесінің құжаттарына, пайдалану құжаттарына және т.б. ие.

Күрделі жабдық кешені – мұнай көлемінің және сапа көрсеткіштерінің өлшемдері жүйесі өнімнің аса қажет түрлерінің бірі болып табылады, оны дайындау кезінде өлшенетін ортаның, табиғи жағдайлардың, инфрақұрылымның көптеген жеке факторларын ескеру керек болады. Осыған орай осындай өлшеу жүйесінің әрбір жобасы бірегей жоба болып табылып, тапсырыс берушінің жеке талаптары бойынша әзірленеді.

Компания жеткізетін жабдық Ресей мен жақын шетелдің барлық мұнай өндіретін аймақтарында пайдаланылады.

  • Мұнай көлемінің және сапа көрсеткіштерінің өлшемдері жүйесі
  • Мұнай, газ және тауралық су дайындауға арналған жабдық
  • Мұнай дайындау құрылғылары
  • Газ дайындау құрылғылары
  • Газдық факелді құрылғылар

 

 

  © 2018 ОЗНА компаниясы
Пайдалану ережелері | Байланыс
Уфа – Architect сайтын жасау Уфа – Architect сайтын жасау