Мұнайгаз саласына арналған кешенді шешімдер
  Басты бет
    Сайт картасы Рус   Eng Каз

Орындалған жобалар

Орындалған жобалар

Белгілерге қосу

Жобалау

Design and Survey

«ОЗНА» компаниясының жобалық дивизионы 2007 жылы Компания құрамынан шыққан бұрынғы «табиғатты пайдалану институты» ЖАҚ базасында (Нижневартовск қ.) құрылды. «ОЗНА-Проект» ЖАҚ мамандары геологиялық барлау, нысандарды жобалау, инженерлік-құрылыстық және табиғат қорғау жұмыстарынан бастап, кәсіпорын ресурстарын жоспарлау және басқарумен аяқтай отырып, мұнайгаз кен орындарын орнықтыру бойынша кешенді шешімдер жасауда маңызды тәжірибеге ие.

Компанияның мәселелерді шешуге деген жүйелі әдісі мұнайкәсіп жабдығын өндірушілерді, геологтарды, экологтарды, әзірлеуші-инженерлерді және басқа да мамандарды көпсалалы командаға біріктіруге мүмкіндік берді, оның мақсаты – мұнайгаз кен орындарын әзірлеу тиімділігін арттыру.

2008-2009 жылдардағы біршама құлдыраудан соң, 2010 жылы «ОЗНА-Проект» ЖАҚ елеулі табыстарға қол жеткізді: өз тарихында алғаш рет ОЗНА жобалық дивизионы «Роснефть» мұнай компаниясының - «РН-Пурнефтегаз» ЖШҚ-ның мұнай өндіретін активінің көлемі бойынша екінші болып келетін тендерін жеңіп алды, «Аганнефтегазгеология» компаниясы, «РуссНефть» ААҚ еншілес кәсіпорны және еліміздің ірі геологиялық ұйымдарының бірі «Славнефть-Мегионнефтегазгеология» ААҚ үшін ірі жобаларды орындауға кірісті. Бұрынғы орындалған жоба сапаларының жоғары болуы, тапсырыс берушілердің оі пікірлері мен жұмыстың оңтайлы құны тендерде жеңіске жетуде маңызды рөл атқарды.

«Лукойл - Западная Сибирь» ЖШҚ, «НОВАТЭК-Таркосаленефтегаз» ЖШҚ, «Новосибирскнефтегаз» ААҚ, «СП Ваньеганнефть» ЖШҚ, «Славнефть-Мегионнефтегаз» ААҚ, «КогалымНИПИнефть» ЖШҚ және басқа да компаниялар мұнайгаз кен орындарын кешенді орнықтыру мәселелері бойынша «ОЗНА-ПРОЕКТ» ЖАҚ-тың дәстүрлі әріптестері болып табылады.

  • Экологиялық жұмыстар
  • Жобалау-іздестіру жұмыстары
  • Инженерлік-құрылыс ізденістері

 

 

  © 2018 ОЗНА компаниясы
Пайдалану ережелері | Байланыс
Уфа – Architect сайтын жасау Уфа – Architect сайтын жасау